Ембі қаласының мектеп жанындағы интернаты бар №7 жалпы білім беретін орта мектебінде ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
2024-2025 оқу жылы бойынша қыркүйек айынан бастап мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен 152 бала қамтылуда. 1-4 сынып бойынша – 139 бала, 5-11 сынып бойынша -12 бала. Білім алушылар екі ауысым бойынша тамақтанады. І ауысымда – жалпы 79 білім алушы, 1-4 сынып аралығында – 71, 8-11 сынып аралығында – 8. ІІ ауысымда жалпы – 72 білім алушы, 2-3 сынып аралығында – 68, 5-7 сынып аралығында -4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығымен бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарынынң 77 тармағы, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 04 қыркүйектегі №230 қаулысы негізінде, «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ – 16 бұйрығы негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2020жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрықтың 10 қосымшасы негізінде 1-4 сынып аралығындағы білім алушыларды және 5-11 сынып аралығындағы жекелеген санаттағы білім алушыларды ыстық тамақпен қамту туралы мектепішілік бұйрығы шығарылды.
Тамыз – қыркүйек айлары аралығында баласын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге ата-ана құжат тапсырады, құжаты талапқа сай болған жағдайда 10 күн ішінде ата-анадан №158 бұйрықтың 10 қосымшасына сәйкес өтініш алынады да ата-анаға анықтама беріледі. Осыған байланысты ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін жекелеген санаттағы бала саны анықталады.
Асханада 1 аспазшы, 1 аспазшының көмекшісі, 1 ыдыс жуушы жұмыс жасайды. Асхананы жалға алушы жеке кәсіпкер Ж.М.Изтлеуова. Жеке кәсіпкер апта сайын азық-түлік жеткізіп отыр. Азық-түлік келгенде аспазшы, медбике, әлеуметтік педагог қабылдап алады. Асхананың материалдық базасы толық, асханаға қажетті барлық заттар (тоңазытқыш, мұздатқыш, контейнерлер, басқа да ыдыстар) бар. Білім алушылардың асханаға тамақтануға бекітілген уақытпен барып тамақтанады. Балалардың мектеп асханасынан уақытында сапалы тамақтануын қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігінен және 1-4 сынып жетекшілерінен кезекшілік кестесі құрылды, сол кестеге сәйкес кезекшілер асханаға барып балалардың тамақтануын қадағалайды.
Ақтөбе облысы бойынша 05 қаңтар 2024 жылғы жалпы білім беретін мектептердің тамағын ұйымдастыруға арналған перпективалық ас мәзіріне сәйкес, мектепішілік ас мәзірі жасалып, сол бойынша балалар тамақтанады.
Ыстық тамақтың ұйымдастырылу жұмысының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі», «Тамақтану гигиенасы», «Дұрыс тамақтану ережелері» тақырыптарында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен сынып сағаттары, сабақтар, тәрбие сағаттары өткізілді.
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ – 16 бұйрығына сәйкес және ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 109 тармағына сәйкес тамақтану сапасын мерзімдік бағалау үшін бракераж комиссиясы және тамақ өнімдерінің сапасына мониторинг жүргізу жөнінде комиссия мүшелері құрылды. Бракераж комиссиясы төмендегі және мониторинг комиссиясы төмендегі құрамда құрылды:
1.Комиссия төрағасы – мектеп директоры – А.Ж.Достанова
Комиссия мүшелері:
2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Т.Қ.Дүйсенгалиева
3.Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары – С.Ш.Балымбет
4.Әлеуметтік педагог – Ж.З.Куанышева
5. Мектеп медбикесі – А.Джигитова
6. Қамқоршылық кеңес төрағасы – Н.К.Тажигарина
7. «Ембі қаласы әкімінің аппараты» ММ – А.А.Бурханова
8. Кәсіподақ төрайымы – М.Ф.Шалабаева
9.Ата – аналар комитетінің төрайымы – К.У.Жандосова.
Бракераж комиссиясы мектеп асханасына ай сайын, мониторинг комиссиясы тоқсан сайын тексеріс жүргізіп акт жасалады.
Тамақтану бойынша өткізілген іс – шаралар, тәрбие сағаттары, ас мәзірі, комиссия мүшелерінің асхана тексеру жұмыстары мектептің әлеуметтік желісіне салынып отырылады.