Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ембі қаласының мектеп жанындағы
интернаты бар №7 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Общеобразовательная средняя школа №7

с пришкольным интернатом города Эмба»

МЕНЮ

Рисунок4

2024-2025 оқу жылындағы мектептің  тәрбие жұмысының мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азамат пен азаматшаны тәрбиелеу;

2024-2025 оқу жылындағы тәрбие жұмысының  міндеттері:

1) ата – ананың өсиетін тыңдауға, перзенттік парызын түсінуге, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге тәрбиелеу;

2ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу;

3) жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар – ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

4) денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ой тазалығына және эмоционалды тұрақтылыққа баулу;

5) табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу;

Тәрбиенің құндылықтары:
Ұлттық мүдде құндылығы Қазақстанның  мемлекеттілігін нығайтуға атсалысуға, оңтайлы имиджін қалыптастыруға, еліміздің мүддесіне, қоғам игілігіне адал қызмет етуге, ұлттық мұраға ұқыптылықпен қарауға және оны дәріптеуге, қазақ тілінің аясын кеңейтуге үлес қосатын, құқықтық, экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ  тәрбиелеуге тұғыр болады.

Ар-ұят құндылығы арқылы адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Талап құндылығы өскелең ұрпақ бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен адал ниетке тұғыр болады. Сол себепті талап құндылығы білім алушылардың сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу, физикалық белсенді болу,  салауатты өмір салтын ұстану, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, дұрыс қарым-қатынас орната білу, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Талап құндылығы құндылығы арқылы жан мен тән тазалығын сақтайтын, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінетін, қоршаған орта тазалығын сақтайтын, ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылығы жоғары, ізденімпаз, жасампаз тұлға тәрбиелеуді көздейді.

ӘР АЙДЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ

күнделікті

  • «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
  • «Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
  • «Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу.
  • «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау.

апта сайын

  • «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды
  • «Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.
  • «Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу.
© 2024 «Ембі қаласының мектеп жанындағы
интернаты бар №7 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная средняя школа №7

с пришкольным интернатом города Эмба»