«Ембі қаласының мектеп жанындағы
интернаты бар №7 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа №7 с пришкольным интернатом города Эмба»
Мектеп формасы
Ембі қаласының мектеп жанындағы интернаты бар №7 ЖББОМ 2025-2026 оқу жылында білім алушыларға ұсынылатын мектеп формасы
Білім алушылардың бірыңғай сыртқы келбетін қалыптастыру және сыртқы келбет мәдениетін тәрбиелеу мақсатында жаңа оқу жылынан бастап классикалық мектеп формасын кию міндетті болып енгізіледі.
🔷 Бастауыш сынып оқушыларына арналған форма (1–4 сыныптар):
— Ұлдар: қою көк түсті жилет, ақ көйлек, классикалық үлгідегі қою көк шалбар, қара туфли, галстук.
— Қыздар: қою көк түсті жилет, ақ кофта, тізеге дейінгі ұзындықтағы қою көк белдемше, қара туфли.
🔷 Орта және жоғары буын оқушыларына арналған форма (5–11 сыныптар):
— Ұлдар: қою көк түсті жилет, ақ көйлек, классикалық үлгідегі қою көк шалбар, галстук, қара туфли. Шалбар тобықтан түсіп тұруы қажет.
— Қыздар: қою көк түсті жилет, ақ кофта, тізеден 10см төмен ұзындықтағы қою көк белдемше, қара туфли, ақ бантик.
☀️ Салқын мезгілде жекеттің орнына мектеп стилі мен түс гаммасын сақтай отырып, пиджак киюге рұқсат етіледі.
❗ 1 қыркүйекке дейін балаңыздың мектеп формасын дайындап қоюыңызды сұраймыз.
Түсіністік пен ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!
Мектеп әкімшілігі
Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінен ІІ орын
2024 жылдың 24 қазан күні Ақтөбе қаласының 31 мектеп базасында Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне мектебіміздің 8 класс оқушысы Сенгирова Айдана Ернарқызы математика пәнінен қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі А.Б.Буташева
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
2024 жылғы 20 ақпанда «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Ақтөбе қаласы, «High school Aktobe» жеке мектебінде өткізілді.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді, кәсіби көзқарасын қалыптастыру, үздік педагогикалық идеяларды насихаттау.
Педагогикалық олимпиадаға 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар пән мұғалімдері, психологтер, тәлімгерлер, барлығы 47 педагог қатысты.
Олимпиада мазмұны педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырды.
Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері а. ж. 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
интернаты бар №7 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Общеобразовательная средняя школа №7
с пришкольным интернатом города Эмба»